Елордада ұрлыққа қатысы бар хостел әкімшісі анықталды

Елордада ұрлыққа қатысы бар хостел әкімшісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жәбірленуші елордаға жұмыс бабымен келіп, уақытша тұру үшін хостелде тоқтады. Бөлмеде зергерлік бұйымдар салынған сөмкені қалдырып, ол уақытша кетіп қалған. Әйелдің жоқтығын пайдаланып, хостел әкімшісі қосалқы кілт арқылы бөлмеге кіріп, сөмкеден құны 420 мың теңге тұратын алтын тізбекті ұрлап кеткен.

“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы хостел қызметкерін анықтады. Ол ұрланған бұйымды ломбардқа өткізіп, алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды.