Елордада кепілдегі көлік иесі алаяққа алданып қалды

Елордада кепілдегі көлік иесі алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті азамат елордалыққа банкте кепілде тұрған автокөлікті сатып алып беруге уәде берген. Содан тұрғын күдіктіге  2 миллион теңгеге жуық ақша берген. Ақшаны қалтаға басқан азамат бірден “ізін суытқан”.

Осылайша, жәбірленуші көптен күткен автокөлігін көре алмады. Кейін алданғанын түсінген жас жігіт полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні 32 жастағы азаматты анықтады. Ұсталған ер адам қылмысын мойындады.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Полиция барлық жағдайды тексеру және қылмыскердің мүмкін болатын байланыстарын анықтау мақсатында тергеуді жалғастырып жатыр.