Елордада ер адам алаяқтық жолмен танысының ақшасын иемденген

Елордада ер адам алаяқтық жолмен танысының ақшасын иемденіп кеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға 35 жастағы елорда тұрғыны танысының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін айтып арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған 1 миллион теңге төлеу шартымен ірі көлемде несие алуға көмектесемін деп уәде еткен. Алайда оның танысы ақшаны алғаннан кейін байланысын тоқтатып, хабарласпай кеткен.

Алматы аудандық полиция басқармасының полицейлері күдікті ретінде 30 жастағы ер адамды анықтаған. Ол алған ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланғанын мойындаған.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды және бейтаныс адамдарға ақша аудармауды ескертеді.