Елордадағы түнгі клубта есірткі сатушы ұсталды

Елордадағы түнгі клубта есірткі сатушы ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда полицейлері түнгі клубқа келушіні ұстады, оның қалтасынан есірткі салынған 4 полиэтилен түйіншегі табылып, тәркіленді.

31 жастағы ер адамның синтетикалық есірткіні сатумен айналысқаны анықталды. Әріқарай есірткі сатушының тұрғылықты жерін тінту барысында есірткіні буып-түю және орау үшін қажетті материалдар, сондай-ақ салмағы 3,7 грамм болатын мефедрон табылды.

Е сірткі заттарын өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.