Батыс Қазақстан облысында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін заңсыз айналымға шығаруға тосқауыл қойылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл бағыттағы арнайы іс-шараны полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен ҚР ҰҚК-нің БҚО бойынша департаменті қызметкерлері бірлесіп өткізді. Іс-шара барысында Орал – Атырау тасжолында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүк салғышын тексеру кезінде ішінде 291 дана киік мүйізі салынған екі үлкен қорап табылды. Тексеру нәтижесінде аталған мүйіздер көлік жолаушысы – Бөкей ордасы ауданының 1982 жылы туған тұрғынына тиесілі екені анықталды.