Биыл Жетісу облысында 400-ге жуық құқық бұзушы арнайы қабылдау орнына орналастырылды

Биыл Жетісу облысында 400-ге жуық құқық бұзушы арнайы қабылдау орнына орналастырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Жетісу полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, әкімшілік тәртіппен қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнына 386 құқық бұзушы қамауға алды.

– Жүргізілген талдауға сәйкес, қамауға алынғандардың басым бөлігі – көлік құралын мас күйінде басқарғандар және жанжалқойлар, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасаған тұлғалар, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ АӘҚО бастығы Айбек Мусагиев.

Құқық бұзушылықтардың жасалуының негізгі себебі көлік құралын басқаруда да, қоғамдық орындарда да, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында да алкогольдік ішімдіктерді пайдалану.

– Құрметті облыс орталығының азаматтары, сіздерден ҚР заңнамасын бұзбауды, жол ережелерін, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауды және отбасылық жанжалдарға жол бермеулеріңізді сұраймыз, – деп атап өтті А. Мусагиев.