Биыл Алматы облысының полицейлері бұрын жасалған 823 қылмыстың бетін ашты

Алматы облысының полицейлері жыл басынан бері бұрын жасалған 823 қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері қылмыстың ашылуын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асырып жатыр.

Жыл басынан бері бұрын жасалған 823 қылмыстың беті ашылды, оның 188-і – өткен жылдар санатындағы қылмыс. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29%-ға жоғары көрсеткіш.

– Есірткі қылмысын ашу бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері есірткіге қатысты 139 қылмыс анықталды, заңсыз айналымнан үш тоннадан астам есірткі тәркіленді. 11 зертхана жойылды, оның 9-ы синтетикалық есірткі дайындау және екеуі құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру бойынша анықталған, – деп атап өтті ведомство қызметкерлері.