Орал қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Өзбекстанның 48 жастағы азаматы Шафкат Жазиловқа қатысты қылмыстық істі қарады. Оған екі немесе одан да көп адамды өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, Жазилов 2024 жылдың көктемінде Өзбекстанның тағы 15 азаматымен бірге Бәйтерек ауданындағы Богатск ауылына маусымдық жұмысқа келген. Мұнда олар егіншілікпен айналысып, “балаған” деп аталатын уақытша ғимаратта тұрды.
Сол жылдың мамыр айында Жазилов пен оның жерлесі арасында ауызша жанжал туындайды. Сотталушыны ғимараттан шығарып, сабырға шақырған, бірақ ол одан бетер ашуланып, балта мен айырды ұстаған. Соңында “Мен бәріңді өлтіремін!” деген сөздермен, бір банка бензинді алып, газ плитасының үстіне лақтырып жіберген. Оның үстінде таңғы ас әзірленіп жатқан. Бірден өрт шықты. Төрт Өзбекстан азаматы қашып құтыла алмай, алған күйіктерінен сол жерде көз жұмды. Айтпақшы, марқұмдар ағайынды екен. Тағы бір адам ауыр термиялық күйік алған.
“Марқұмдар отбасында жалғыз асыраушылар болған, олардың қарт ата-анасы мен балалары болды. Сонымен бірге ешкім моральдық немесе материалдық шығынды өтеуді талап еткен жоқ. Барлығы Жазиловты өмір бойына бас бостандығынан айыруды ғана сұраған. Марқұмның туыстары оны өз елінде көргісі келмейтіндерін айтқан. Сот процесіне жәбірленушілер онлайн режимде қатысты”, – деп жазды судья Аслабек Дюсенғалиев.
Шафхат Жазиловтың өзі тағылған айыппен келіспеді. Айтуынша, ол өз жерлестерін өлтіруді мақсат етпеген және канистрде бензин емес, су бар деп ойлаған. Жазилов оны біреу қаса қана кінәлі еткісі келетінін айтты. Ол абайсызда адам өлтіргені үшін сотқа тартылуын сұрады. Алайда, Жазыловтың “бәріңді өлтіремін” деген сөзді айтқанын және канистрде жанармай барын, судың алюминий ыдыстарда сақталғанын анық білген куәгерлер болғандықтан, сот оның сөзін ескермеді.
Осылайша, сот Шафхат Жазиловты екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
2025 жылдың 11 ақпанында Алматыда тағы бір жан түршігерлік оқиға болды: қоқысты сұрыптау кезінде қоқыс өңдеу зауытының аумағынан әйелдің бөлшектелген денесі табылды.