Ақтөбе облысында полиция дүкеннен телефондарды қолды қылған сатушыны ұстады

Ақтөбе облысында полиция дүкеннен телефондарды қолды қылған сатушыны ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға тұрмыстық техниканы сататын дүкеннің директоры жүгінді. Оның айтуынша, бірнеше ай ішінде дүкеннен үш ІPhone 15 pro телефоны ұрланған. Жалпы шығын 1,5 млн теңгеден асты.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері дүкен сатушысының ұрлық жасағанын анықтады.

21 жастағы күдіктінің ұрланған телефондарын ломбардқа тапсырғаны анықталып, жедел-тергеу тобы телефондарды тәркіледі.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.