Ақтөбе облысында аудандық аурухананың дәрігері алаяққа алданып қалды

Ақтөбе облысының полициясы аудандық аурухананың дәрігерін алдап кеткен күдіктіні тапты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға Ақтөбе облысының аудандық ауруханаларының бірінің тіс дәрігері арызданды. Дәрігердің айтуынша, көзтаныс әйел мемлекеттік қордан өтеусіз несие алуға және көпбалалы отбасы ретінде пәтер алуға көмек көрсететінін айтып, оның 2 млн теңге сомасындағы ақшасын иеленген.

Жәбірленуші ақшаны терминал арқылы аударған. Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 46 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.