Ақтөбе-Астрахань тас жолында жол апатында 5 адам өртеніп кетті

Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөлік соқтығысқан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сағат 08:36-да Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы туралы шақыру түскен.

Сағат 08:41-де оқиға орнына “Қандыағаш” трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шықты. Зардап шеккен 5 адам көлікте өртеніп кетті. Басқа көліктегі зардап шеккен 3 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.