Ақтөбеде қарыздарынан құтылу үшін бүйрегін сатпақ болған ер адамға үкім шықты

Атырау қаласының 27 жастағы тұрғыны бүйрегін сатпақ болғаны үшін сотталды. Ол жазасын бостандықта жүріп өтейді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

“Ерболат Орынбасаров Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3 бөлігі, 116 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 63 бабына сай тағайындалған жаза шартты деп саналсын”, – деп үкім кесті судья Ақмарал Алиева.

Сонымен бірге пробациялық бақылау аяқталғанша тұрғылықты жерін өзгертпеуі тиіс. Ал егер өзгертіп жатса, пробация қызметіне хабарлайды. Жыл бойы ойын-сауық орындарына, мейрамханаларға, дәмханаларға бара алмайды.