Ақтөбеде полиция жеті көліктен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері автокөлік ұрлығын ашу бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында 23 жастағы жігітті ұстады. Күдікті түнде құлыпты бұзу және әйнектерді сындыру арқылы көліктерден ұрлық жасаған. Күдіктінің жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жігіт телефондар мен қолма-қол ақшаны иеленіп отырған.
Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді. Автокөлік иелеріне келтірілген залал есептелуде.
Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.