Ақмола полицейлері өзгенің көлігін айдап кеткен адамды 40 минут ішінде қайтарды

Ақмола облысының полицейлері өзгенің көлігін айдап кеткен адамды 40 минут ішінде қайтарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысы Аршалы ауданының полиция бөліміне Audi 100 автокөлігінің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Өзгенің көлігін айдап кеткен ер адам полицейлердің тоқтау талаптарын елемей, жоғары жылдамдықпен жүрген.

Осы фактіге қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу дереу басталды.

Полицейлер ұстау жоспарын жариялады. Арнайы іс-шараны өткізу барысында ұрланған көлік Аршалы кентінде байқалды.

Қызметтік автокөлікті байқаған қаскүнем жол ережесін сақтамай, Алматы-Екатеринбург қатынасы автомагистральдің қарсы жолағымен Қарағанды қаласына қарай бет алған ер адам, онда бірер минуттан кейін ауданның елді мекендерінің бірінде ұсталды.

Бұрын бірнеше рет сотталған 30 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Заттай дәлел ретінде автокөлік тәркіленді.