Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен қызметтік тұрғын үйді жоғары бағамен сатып алуға жол берілмеді

Бурабай ауданының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде Бюджет кодексі нормаларының сақталуына талдау жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бурабай ауданы әкімінің аппараты ағымдағы жылы көлемі 40 – 60 шаршы метр болатын, құны 30 млн теңгеге 3 бөлмелі пәтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлағаны анықталды.

Сонымен қатар, ұқсас сипаттамалары бар интернет-сайттардағы (krisha.kz, olx) пәтерлердің бағалары туралы зерттеу барысында Щучинск қаласындағы бағалар 10,5 млн теңгеден 22,5 млн  теңгеге дейін, бұл орташа есеппен 16 млн теңгені құрайтыны анықталды.

Осылайша, қолданыстағы заңнама мен Кодекстің қағидаттарын бұза отырып, жоспарланған сатып алу сомасы негізсіз асырып көрсетілген.

Қадағалау актісіне сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізілді, жоспарланған сатып алу пәтерлердің орташа нарықтық құнын ескере отырып түзетілді.