Ақмола облысында қайтыс болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды

Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот шешімімен Бурабай ауданының 10 тұрғыны 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленуші отбасыға 4 миллион теңгеден астам қаржы көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеді.

Еске салайық, өткен жылы күзде 19 жасар Роман Бодаговтың денесі “Бурабай-Жамантұз” курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған.

Кейін аталған іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылған еді.