24 шілдеде Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 23 шақырымында Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі автотрассада тұрған түйені қағып кетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін республикалық маңызы бар трассаларда қырағы болуға шақырады және трассада жануарлардың кенеттен пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, белгілерге назар аударуды сұрайды.
– Құрметті жүргізушілер! Жолдағы жағдай күрт өзгерген кезде шешім қабылдауға уақыт қалдыру үшін жылдамдық режимін, әсіресе елді мекендердің жанында қатаң сақтаңыз, – дейді Ақмола облысының полицейлері.
Сонымен қатар полицейлер елді мекендер мен автомобиль жолдарының көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер үшін ерекше қауіп төндіретін мал иелерінің бақылаусыз мал жаюы үшін жауапкершілік бар екендігі туралы ескертеді.
Мысалы 24 шілдеде Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 23 шақырымында Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі автотрассада тұрған түйені қағып кетті.
Өкінішке орай жол-көлік оқиғасы салдарынан такси жолаушысы, Сандықтау ауданының 49 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты.
Целиноград ауданының полиция бөлімі бұл фактіні Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Жануарлардың иесі анықталғаннан кейін ол жауапқа тартылады.