Ақмолада тәртіп сақшылары іздеуде жүрген шетелдікті ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
9 қазанда Ақмола облысы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының мейрамханаларының бірінде 2023 жылғы 27 ақпанда Ташкент қаласының бас ішкі істер басқармасы іздеу жариялаған шетелдік азаматты ұстады.
37 жастағы ер адам Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес бұзақылық жасады деген айыппен іздеуде болды.
Іздестіру туралы білген ол ел шекарасынан шығып, Шымкент қаласына барған. Одан кейін Көкшетауға барып, сол жерде жасырынып, аспаз болып жұмысқа орналасқан.
Қазіргі уақытта ұсталған адамды Өзбекстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралуда, онда ол сот алдында жауап береді.