Оған тағылған айыптар:
Сотта анықталғандай, Х.П. Ауғанстан Ислам Республикасының басқа азаматтарымен алдын-ала сөз байласу арқылы, адамдар тобында ҚР шекарасынан жүк көлігімен аса ірі мөлшерде 3 килограммнан астам метамфетамин психотроптық затын «Кола» сусынының ыдысына жасырып кұйып, заңсыз өткізген. Одан әрі, осы психотропты заттарды заңсыз өткізу мақсатында Ресей Федерациясына тасымалдамау кезінде, Шымкент қаласы бойынша ҰҚК-нің қызметкерлерімен құрықталған.
“Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, Х.М.П. ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен, 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады”. Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі
Сот үкімі күшіне енбеді.