Атырауда өрт орнынан әйел адамның мүрдесі табылды

25 қыркүйекте Атырау қаласы Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға тұрғын үйдің 1 қабатында пәтерде 74 ш. м. алаңда орын алды. Құтқарушылар өртті сөндіріп қана қоймай, жалпы саны 67 адамды эвакуациялады. 

Алайда, оқиға орнында 70 жастағы әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ, оның 30 жастағы ұлы күйік алып ауруханаға жатқызылды.

“Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу”,- делінген хабарламада. 

Бұған дейін Алматыдағы моншада өрт шыққаны хабарланған болатын.