Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы қалалық полиция басқармасы хабарлады.
14 маусым күні сағат 09:00 шамасында Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан құлаған төрт жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.