Мектеп оқушысы сіріңкемен ойнап, кіреберісте тұрған велосипедті өртеп жіберген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Нұрсая шағын ауданында болған. Жағдайдың қалай болғаны бақылау камераларына түсіп қалған.
Полицияның айтуынша өрт басталған сәтті қыз оқиға орнынан қашып кеткен.
Абырой болғанда үйдің тұрғындары түтінді уақытында байқағае. Олар жалынды өздері сөндірген. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұл факт бойынша құжаттар жиналады деп хабарланды. Қыздың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.