Атырауда бірнеше тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Атырауда бірнеше тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше тұрғынның атынан банк қосымшасы арқылы 7 млн теңгеге жуық несие рәсімдеп, заңсыз иемденген 36 жастағы күдіктіні ұстады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.