Астана вокзалында жүк контейнері жарылды

Астанадағы ескі вокзал аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, жарылыстың дүмпуі нысан маңындағы тұрғын үйлерге сезілген.

Төтенше оқиғаға қатысты «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.

– 2025 жылдың 14 ақпаны сағат 00:30-да Астана стансасындағы сұрыптау жолында жүк контейнерінде дүмпу болды.

Бұрын контейнерде жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар контейнердің жеке компанияға тиесілі екені айтылады.

Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталды.