Астанада тәртіп сақшылары қыз баланы құтқарып қалды

Астанада тәртіп сақшылары қыз баланы құтқарып қалды , – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

102 арнасына қала тұрғынынан құрбысының өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Нұрсұлтан Динабеков пен Дәулет Тұрғынов бар патрульдік полиция экипажы дереу жетті. Полицейлер бөлмеге 2-қабаттағы пандус арқылы кіруді ұйғарды.

Динабеков балконның ашық терезесі арқылы пәтерге кіріп, жуынатын бөлмеде өзін жарақаттаған тұрғынды көрді.  Тәртіп сақшысы жас қызды құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Тұрғынға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.