Астанада магистратураға түспек болған 10 тұрғын алаяққа алданды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі күні полицияға 10 жәбірленуші арызбен жүгінген.
Ақшалай сыйақы үшін 23 жастағы астаналық қыз оларға елордалық университетке түсуге көмектесемін деп уәде берген. Қыз университетте таныстары барын айтқан. Сонымен магистратураға түсе алмай қалған 9 студент оған 700 мың теңгеден төлеген, біреуі университетке түсу үшін 460 мың теңге төлеген. к лиенттерді күдікті өз достары мен таныстары арқылы тапқан.
Күдікті алаяқтық жасағанын мойындады, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде.