“Алтын безгегі”: Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды

Қазақстан экономикасының стратегиялық активтерінің бірі болып табылатын бағалы металдардың көлеңкелі айналымына қатысты қылмыстық схемаларды әшкерелеу бойынша Ішкі істер министрлігі кешенді жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әсіресе алтынды заңсыз өндіру, өңдеу орындарын анықтауға және оны шетелге тасымалдау бағыттарын белгілеуге ерекше назар аударылуда. Бұған дейін ІІМ төрт өңірде кен өндірумен айналысқан бірнеше компанияның заңсыз қызметінің жолы кесілгені туралы хабарлаған болатын.