Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақысын мемлекетке қайтаруы керек

Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақысын мемлекетке қайтаруы керек – бұл 12 миллион теңгеден астам. Мұндай шешім жуырда қаланың Түрксіб аудандық сотында шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сол жылдың 10 ақпанында әйел Шешенстан Республикасының Ахматов ауданында зейнетақы ала бастағаны анықталды. Осылайша ол екі елде қатар зейнетақы алған, бұл – Қазақстан заңнамасын бұзу.

Сот отырысында зейнеткер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзіне қойған талабын мойындады. Сот шешімі бойынша ол енді бюджетке 12 318 134 теңге – 2010 жылғы тамыздан 2021 жылғы қыркүйекке дейін заңсыз алған зейнетақысының сомасын төлеуі керек. Сондай-ақ, бұл сомаға 123 182 теңге мемлекеттік баж салығы қосылды.