Алматы полициясы қызметкерлердің бірі есірткіге мас күйде жол апатына ұшырады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полициясының баспасөз қызметі мас қызметкер ұшыраған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
“Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша, ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылды. Тағы бірқатар басшылар тәртіптік жазаға тартылған. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің бақылауында”, – деп хабарлады Алматы полициясы.