Алматы облысында киберполиция ірі көлемдегі алаяқтықты әшкереледі

Алматы облысында киберполиция ірі көлемдегі алаяқтықты әшкереледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында киберполицейлер мемлекеттік грант алуға көмек көрсетемін деген сылтаумен азаматтарды WhatsApp мессенджері арқылы алдап келген әйелдің заңсыз әрекетін тоқтатты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті барлық қажетті тергеу шарасын жүргізу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Мемлекеттік органдардың атынан қаржылық көмек туралы күмәнді ұсыныстарға, әсіресе мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылатын хабарламаларға сенбеуге кеңес береді.