Алматы облысында алаяқтық ісі бойынша жаңа дерек анықталды

Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері 33 жастағы күзетпен ұстауда отырған адамға қатысты алаяқтықтың жаңа фактісін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 19 қарашада Корам ауылының тұрғыны құқық қорғау органдарына банктік шотты бұғаттаймын деп 2,2 млн теңге сомасында несие ресімдеуге мәжбүр етті деген арызбен жүгінді.

Бұл факт Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да тіркелген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта күдікті алаяқтық қылмысының екі эпизоды бойынша тергеліп жатыр. Тәртіп сақшылары оның басқа да осындай қылмысқа қатыссы бар-жоғын анықтап жатыр. Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде, әсіресе қаржылық операцияларға қатысты жағдайларда қырағылық пен сақтық шараларын қолдануды ұсынады. Ешқашан жеке деректер мен банктік мәліметтерді үшінші тұлғаларға айтпаңыз.