Алматыда троллейбус жүргізушілері төбелесіп қалды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы аялдамада екі троллейбус жүргізушісінің төбелескенін түсірілген видео тарады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолаушылар жанжалдасып жатқан ер адамдарды ажыратпақ болған.

Оқиғаға қатысты қалалық полиция түсініктеме берді.

“Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік іс қозғады. Оның материалдары сотқа жолданады. Дегенмен, полицияға бұл оқиға туралы бұрын ешқандай дабыл келмегенін атап өтеміз”.Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі