Алматыда тонау фактісі камераға түсіп қалды

Алматыда тонау фактісі камераға түсіп қалды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматының Алмалы ауданында жедел уәкілдер екі қарақшыны ұстады. Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында, олар, өтіп бара жатқан 58 жастағы азаматқа шабуыл жасап, жеке мүлкін тартып алған.

Полиция, Алматыда барлығы 176 мың 670 бейнебақылау камерасы жұмыс істейтінін еске салды.  Өткен жылы олардың көмегімен 3 мың қылмыс ашылды, ЖҚЕ бұзуды қосқанда 3 миллион 728 мың 094 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.