Алматыда полиция қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полициясы қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Белгілі болғандай, күдіктілер жәбірленушіні пәтерге шақыру үшін танысу сайтын пайдаланып, оған күш қолданып, ірі көлемдегі ақшасын тартып алған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, үш күдіктіні ұстады. Олардың барлығы өз кінәларын мойындап, ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді.