Алматыда полиция “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Арнайы іс-шараны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы Алматы қаласы Түрксіб ауданында жүргізген. 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, оны тінту кезінде құрамында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған байламдар мен бумалар тәркіленді.