Алматыда полиция егде жастағы әйелді тонаған күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы Жетісу ауданының полицейлері тұрғын үйлердің бірінде жасалған қарақшылық қылмыстың бетін ашты. Ең қысқа мерзімде күдікті анықталып, ұсталды – 39 жастағы ер адам түнгі уақытта қарт әйелдің пәтеріне заңсыз кіріп, оның осал жағдайын пайдаланып, ашық түрде ақшасын тартып алған.
Полиция азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағы болуға және қандай да бір қауіп төнген кезде полицияға хабарласуға шақырады.