Алматыда полицейлер алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікпен үш әйелді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда азаматтарға келтірілген жалпы шығын 346 миллион теңгеден астам сомманы құрайды. Алдын ала мәлімет бойынша қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен. Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азаматтар айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.
Аталған күдіктілердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 8-708-804-17-55; 8-747-181-05-74 және 8-777-216-17-37.