Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді

Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Әуезов аудандық полициясының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірілетін, жабдықталған фитозертхананы анықтады. Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдіктер, сондай-ақ арнайы техникалар: шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, өсімдіктер – марихуана есірткісі деп танылды, оның жалпы салмағы 21 келіден асады. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.