Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы көші-қон қызметінің мәліметі бойынша, заңсыз жүрген шетелдіктер қаланың түрлі нысандарында заңсыз жұмыс істеуде.
– Өткен күні қаланың орталық бөлігінде жергілікті рейд жүргізілді. Барлығы 40 шетелдік ұсталды, олардың көпшілігінің жеке басын растайтын құжаттары жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, мәселе көршілес шекаралас мемлекеттердің азаматтары. Ұсталғандардың жеке басы толық анықталғанша олар қабылдап-таратуға орналастырылды. Келесі кезекте оларға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы материалдар жиналатын болады, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.