Алматыда интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласының Алмалы ауданында полицейлер интернет арқылы бірнеше алаяқтық дерегін жасаған деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті интернет желісінде брендтік киім-кешек пен тұрмыстық заттарды сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Тауарды сатып алуға ниет білдірген азаматтардан алдын ала немесе толық төлем алып, уәде етілген тауарды жеткізбеген.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің бірнеше алаяқтық әрекетін тіркеді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел қамауға алынды.
Полиция алаяқтықпен күресті күшейту бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.