Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтауға және алдын алуға бағытталған “Заңсыз келуші” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Жергілікті рейдтер барысында 29 шетелдік анықталды.

Алматы полициясы көші-қон ережелерін сақтау елдегі құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі екенін еске салады.