Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам мерт болды

18 шілдеде Алматының шетінде маршруттық автобус пен Toyota Windom автокөлігі соқтығысып, бір адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ЖКО Бесағаш ауылының жанында орын алды.

№75 маршруттың автобусы Алматыға қарай сол жақ шеткі жолақпен жүрді. Toyota Windom жүргізушісі оған қарама-қарсы бағытта болған.

Алдын ала нұсқа бойынша, Toyota Windom жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автобус келе жатқан жолаққа шығып кеткен.

Автобус жүргізушісі көлікті жоғары жылдамдықпен, көлікті бірнеше метрге дейін сүйреп барып әрең тоқтаған.

Апат салдарынан Toyota Windom жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауыр жарақат алды. Негізгі соққыға ұшыраған үшінші жолаушы жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Қазір ЖКО орнында жол полициясының қызметкерлері мен анықтаушы жұмыс істеуде. Олар осы оқиғаның егжей-тегжейін анықтайды.