Алматыда есірткі қойып кетуші ұсталды

Алматыда есірткі қойып кетуші ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Медеу ауданының учаскелік инспекторы 18 жастағы жасөспірімді бау-бақша қоғамдастығының бірінің аумағында ұстады. Ол онда есірткі бетбелгілерін қойып жүрген.

Аудан прокуратурасының үйлестіруімен тергеу шаралары жүргізілді. Күдіктінің жеке басын тінту барысында сатуға дайындалған есірткі заттары салынған 25 қаптама табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат қылмыстық әрекетін мойындады. Ол қамауға алынды.

Сонымен қатар Алматы қаласы ПД, синтетикалық есірткіні контактісіз, интернет арқылы, электронды төлемдерді пайдалана отырып тарату үрдісі өзекті мәселелердің бірі болып қалып отырғанын атап өтті.

Биыл Алматыда 74 есірткі бетбелгісін қоюшы ұсталды.