Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды

Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда арнайы іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері ҰҚКД жергілікті қызметкерлерінің көмегімен синтетикалық психотроптық заттарды бірнеше рет сатты деген күдікпен 30 жастағы әйелді ұстады.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.