Алматыда “Газель“ аялдамаға соқтығысып, бір адам зардап шекті

Алматыда “Газель” аялдамаға соғылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

“ГАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі Шаляпин көшесімен батыс бағытта жүріп келе жатып, кедергіге – яғни аялдама кешеніне соқтығысып, аялдамада тұрған 2003 жылы туған жаяу жүргінші қызды қағып кеткен”, – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЖКО салдарынан қыз жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

Оқиға бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеуді бастады.