Алматыда автобус пен жеңіл көлік жол апатына ұшырап, төрт адам зардап шекті

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік жол апатына ұшырады. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаменті мәлімдеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

“Автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен келе жатып, кері бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi көлігімен соқтығысқан. Соқтығысудың салдарынан Audi жүргізушісі мен оның үш жолаушысы түрлі жарақаттар алды”, – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.