Алматыдағы туннельдердің бірінде 7 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

Алматыда 19 қыркүйекте Саин көшесі мен Жұбанов көшесінің қиылысындағы туннельде жеті автомобильдің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, апат сағат 19:55-те болған. Оқиға салдарынан Toyota Camry көлігінің жолаушысы зардап шекті. Қазір ол емханада. 

Әуезов ауданының полиция қызметкерлері ЖКО мән-жайларын тергеуді бастады.