Алматыда қоғамдық тамақтану орындарының бас аспазы есірткі сатқаны үшін ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер есірткі сатты деген күдікпен жергілікті дәмхананың аспазын ұстады. Полицияның мәліметінше, ер адам жұмысын заңсыз заттарды сату үшін пайдаланған.
Полиция азаматтарды қырағы болуға және есірткіге қатысты кез келген күдікті әрекет туралы хабарлауға шақырады.