Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендер саны артты

Дәрігерлер Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі апат салдарынан 25 адам зардап шеккенін хабарлады. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенше бір науқас қаза болған.

“Екеуіне сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емделуге жіберілді. Зардап шеккендердің 22-сі қаланың стационарларына жеткізілді, онда барлығының жағдайы орташа ауырлық дәреже деп бағаланады”, – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Зардап шеккендердің арасында 14 пен 16 жас аралығындағы үш жасөспірім бар. Бір баланың тізесі мен іші жарланған, тағы бірінде мұрын сүйегі сынған, ал үшіншісінде оң жақ жіліншік сүйектері сынған.
Қазіргі уақытта пациенттерге қажетті емдеу шаралары мен тексерулер жүргізіліп жатыр. Олар аяқталғаннан кейін стационарлық емдеуді кімге қажет ететіні және тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге кім жіберілетіні анық болады.