Автокөлік пен мопед ұрлаған астаналық екі жасөспірім ұсталды

Астанада екі жасөспірім түнгі серуен барысында көлік құралдарын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Сарыарқа ауданы полиция бөлімі қызметкерлері Mercedes автокөлігін және мопедті айдап әкетуге қатысы бар екі кәмелетке толмағанды анықтады.

Түнде көшеде жүргенде жастар кіреберісте тұрған мопедті байқаған. Көлік құралының қараусыз тұрғанын пайдаланып, олар мопедті ұрлап әкетіп, ұлдардың бірінің үйіне жасырған.

Кейінірек жеке сектор аумағында олар аулада тұрған Mercedes автокөлігін байқаған. Көліктің кілттері салонда болған, бұл жасөспірімдерге оны оңай иемденуге мүмкіндік берді. Алайда көшеде көлік құралы техникалық жағдайына байланысты істен шыққан. Көлікті тастап, жасөспірімдер мопедке оралып, әрі қарай оны жүргізудң жалғастырған.

Жедел іс-әрекеттер нәтижесінде кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды. Олар ата-аналарының қадағалауына тапсырылды.

Астана қаласының полиция департаменті сіздің мүлкіңіздің тиісті қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін еске салады. Көліктерді қараусыз қалдырмаңыз, әрқашан есіктер мен терезелердің құлыпталғанын тексеріңіз. Сондай-ақ ата-аналар балаларды бақылауды күшейтіп, оларға заңды бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндіруі керек.